Айжұлдыз бен атышулы Say Mo алдағы уақытта «Мамасының баласы» атты жаңа ән шығаратыдарын мәлімдеген еді
Отандық танымал видеоблогер өзін «мамасының баласы» деп атап, мазақ етіп жүргендерге жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі oinet.kz-ге сілтеме жасап.
Ол бұл өмірді анасының ризашылығы үшін ғана сүруге дайын екенін алға тартты деп жазады.
Қыран Талапбек бұл тақырып аясында Instagram желісінде азулы жазба жариялап, өзін сынға алғандарды орнына қойды.
«Сендер «мамасының баласы» деп жағымсыз пікір жазған сайын, мен сендердің белсенділіктеріңді ақшаға айналдырмақпын. Мен мамасының баласы болғаныма мақтанамын. Ешкімнің аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ. Бәріміз анамыздың құрсағынан шыққан пендеміз. Бұл өмірді анамның ризашылығы үшін ғана өмір сүруге дайынмын. Мамасының баласы болудан қорықпа. Мамаңды сатқаннан қорқу керек. Одан да өлген артық», – деп жазды видеоблогер.
Айта кетейік, Қыран Талапбек жары Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен айырылысып кеткен болатын. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың ортақ ұлы бар. Оған қоса, жақында Айжұлдыз бен атышулы Say Mo алдағы уақытта «Мамасының баласы» атты жаңа ән шығаратыдарын мәлімдеген еді. Қос арудың да некесі сәтсіз аяқталды.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова күйеуімен ажырасып кетіуіне келін – ене тақырыбы әсер еткенін айтқан болатын.