Иманбек «Грэмми» сыйлығын көрсетті
instagram/imanbekmusic
«Грэмми» 7 ай өткен соң иесіне жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов Лос-Анджелестен жеткізілген «Грэмми» сыйлығын көрсетті. «Грэмми» 7 ай өткен соң иесіне жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алтын жалатылған граммофон түріндегі мүсінді табыстау сәтінен түсірілген видеоны диджей және дыбыс продюсері Instagram Stories-ке жүктеген. Сондай-ақ ол сыйлықты алған сәтінің суретін жариялаған.
Еске салайық, қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses әніне ремиксі үшін «Грэмми» жүлдесін жеңіп алған болатын.
Танымал болғанға дейін Иманбек Павлодар облысында (Ақсу қаласы) теміржолшы болған. Музыканы өзі үйренген. Музыканттың айтуынша, теміржолдан кетіп, музыкамен айналысқанына көп болған. Өзі Ақсуда тұрып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40