Ол қайғысымен үнсіз алысқанын айтты
Актриса Әсел Асқардың кенже ұлы Айбарыстың шетінеп кеткеніне бір жыл. Өнер иесі Instagram парақшасында ұлына арнап жазба салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
- Менің өмірімдегі ең ауыр, ең қиын жыл да аяқталды. Бүгінгі күнннен қатты қорыққанымды тек жақындарым ғана білетін шығар. Баламды сағынбаған күнім болған емес. Біреулер маған таңғалды, біреулер аянышпен қарады. Ал біреулер менің әрекетіме баға беріп үлгерді. Бірақ мен өз қайғыммен өзім үнсіз алыстым. Мен бұл жылды лайықты өткіздім. Мен өзімді қолға алғаным үшін, өзіммен жұмыс істегенім үшін мақтанамын. Құладым, қайта тұрдым. Бірақ өзіммен үнемі жұмыс істедім. Мен тек өмір сүруге тырыстым. Анам мен әпкеме шын жүрегіммен алғыс білдіремін. Мұндай қайғыдан кейін өмір сүру мүмкін, бірақ өте ауыр. Бір жыл маған он жылға татитындай болды. Ұлым менімен мақтанатынына сенімдімін. Ұлым маған күш берді. Мен оның махаббатын әр заттан көремін. Білемін, сен ораласың. Мен сені күтемін, - деп жазды Әсел Асқар.
Бір жыл бұрын Әсел Асқардың кіші ұлы Айбарыс ауыр дертке шалдығып, жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы актриса кішкентайының шетінеп кеткенін әлеуметтік желіде айтты.
Оқи отырыңыз: Төреғали Төреәлі өміріне мән берген адамға тұлпар мінгізді