Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Әнші табиғат аясындағы видеосын Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді. Бұл жолы гүл жұлғаны үшін көпшілік оған ескерту жасаған.
- Қазақстанымыздың табиғаты керемет қой, шіркін. Жұлынған гүл қызғалдақ емес, шабындықта өсетін кәдімгі мак гүлі. Уайымдамаңыздар. Сіздерге әдемі табиғатты көрсету үшін ақ шалбар мен жаңа аяқ киімді құрбан еттік, - деп жазды Қайрат Нұртас.
Алайда желі қолданушылары табиғатта тамсанып қана қоймай, хитменді айыппұл арқалаудан аулақ болуын өтінді.
- «Айыппұл - 11 млн», «9 млн теңге айыппұл кетті», «Бүгіннен бастап көкнәр жұлғаны үшін айыппұл деп жүрмесін», «Гүлді жұлма, айыппұл төлейсің», «Қандай керемет табиғат», «Бір бейнабаян түсіру керек екен», - деп жазды олар.
Оқи отырыңыз: Жаным, аяғымды ұстамаңызшы: Қайрат Нұртас елді тағы шулатты