Imanbek платина дискін Павлодар музейіне сыйлады

27.06.2023 14:55

Алпыс үшінші Grammy сыйлығын марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтті

дереккөзден

Жақын арада дискіні музей экспозициясынан көруге болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы тарапынан Грэмми иегері Иманбек Зейкеновке алтын дискін музей қорына тапсыру туралы ұсыныс жасалған.

– Әйгілі жерлесіміз көп ойланбастан 2021 жылы алған платина дискін музейге сыйлады. Жақын арада дискіні музей экспозициясынан көруге болады, – деді музей өкілдері.

Еске сала кетейік, Иманбек Зейкенов (Imanbek) осыдан екі жыл бұрын рэпер Saint JHN-тің Roses композициясына жасаған ремиксі үшін Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.

Музыкант биыл наурыз айында алтын платина дискін Asar-Ume қайырымдылық қорына сыйлады. Музыкант «Sweet Dreams» әнін 2021 жылдың маусымында норвегиялық диджей Алан Уокермен бірге жазған. Композиция Италияда «алтын мәртебеге» ие болды.

Алпыс үшінші Grammy сыйлығын марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтті. Бұл марапат музыка саласында жылдың ең басты шарасы саналады және кино саласындағы «Оскар» сыйлығымен теңеседі.

Толық көрсету