Ұлы дала ұлына ұлы сыйлық: Төреғалидің ағасы уәдесін орындады (видео)

instagram/toregalitoreali
instagram/toregalitoreali
Өнер иесі оқырмандарының көмегіне жүгінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі ерекше сыйлыққа ие болды. Өнер иесінің ағасы 4 жыл бұрын берген уәдесінде тұрып, оған ат мінгізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Төреғали Төреәлі ат таңдап жатқан сәтінің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Әншінің сөзінше, ағасы бұл тұлпарды осыдан төрт жыл бұрын атап берген екен. 

- 4 жыл бұрын Ұлан ағаның әкесі ат атаған болатын. Таңдайтын күн бүгін туыпты. Бақ сыйлаған Алладан айналайын, ат сыйлаған ағадан айналайын! Тұлпар десе жан бар ма туламаған, Тулағанда қолыма туды ала алам. Ұлы дала ұлына ұлы сыйлық жасаған жасай берсін Ұлан ағам. Ұлан ағам туған ғой ұлы анадан!, – деп жазды әнші.  

Өнер иесі енді оқырмандарының көмегіне жүгініп, олардан тұлпарына қандай ат қоюға болатынын сұрады. Желі қолданушылары бұл тұрғыда өз нұсқаларын айтып, ағасының асқан жомарттығына тәнті болған. "Таутөре, Төреторы күшті келеді", "Бақторы", "Ағаңыз жарапты, еркек ретінде сөзінде тұрыпты", "Тұлпарды нағыз ер адамға сыйлайды", "Ағаңыз жомарт екен", "Төреат деп қойсаңызшы", - деп жазды көпшілік.

Оқи отырыңыз: Жұлдыз Әбдікәрімова желіде әсерлі жазба жариялады

Новости партнеров