|
23.09.2020 | 10:02
3555

America's Got Talent: Данэлия Төлешова финалда өнер көрсетті

Енді финалға шыққандарға тәулік бойы дауыс береді және нәтижесі ертең жарияланады

America's Got Talent: Данэлия Төлешова финалда өнер көрсетті кадр из видео

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Шоудың 15-маусымының финалын 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді. Қазақстандық әншінің өнері конкурстың You Tube каналында және Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Төлешова австралиялық Сианың Alive әніне кавер орындады.

«Бұл күрделі композиция, бірақ уақыт аз болса да, соны таңдадық. Қолдау көрсетіп, жазып жатқандарға рақмет, бұл - өте маңызды», – деді Данэлия Төлешова.

Финалға 10 әртіс қатысты, оның алтауы - түрлі жастағы әншілер. Енді финалға шыққандарға тәулік бойы дауыс береді және нәтижесі ертең жарияланады.

Еске салайық, шоудың өткен кезеңінде Данэлия Төлешова тәулік ішінде көрермендер көп дауыс берген фавориттердің қатарында болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир