Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан ұлы Исламның "қырқынан шығару" рәсімін өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Тойға өнер иесінің ет-жақындары ғана қатысқан. Ерке Есмахан ұлының "қырқынан шығару" рәсімі кезіндегі суреттерін Instagram парақшасында жариялады. Жұлдызды ана 40 күндік міндетінен құтылғанын айтып, енді қыдыратынын алға тартты.
- Исламды қырқынан шығардық. Өзіміз үйде тып-тыныш қана тойлаттық. Әкесі артынан барлық қуанышымызды бөлісіп, бір той жасаймын деп отыр. Бәрінен бұрын 40 күндік міндетімнен құтылдым. Енді қыдырамын, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Ерке Есмахан қарашада екінші ұлын дүниеге әкелген болатын.
Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген Жаңа жыл түні Қытай телеарнасының эфирінде өнер көрсетеді