Әлемдік шоу-бизнесте жұмысын жалғастыру үшін әнші Қытайға аттанған болатын
Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген желіге шашы мен сақал-мұрты өсіп кеткен суретін жүктеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Quarantine style in China», – деп жазды Димаш.
Желі қолданушылары бұл фотоға әртүрлі пікір жазып жатыр. «Осылай да бәрі сүйіп тыңдайтын Димаш болып қала бересің», «Үйреншікті емес, бірақ жарасады», «Күндердің бір күнінде осындай сурет салатыныңды білдік», деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш қытай сахнасына оралатынын айтқан болатынбыз.