|
05.10.2023 | 10:25
601

Сабированың үш жылдан бері жасырған қандай сыры бар

Отбасы жайлы құпия

Сабированың үш жылдан бері жасырған қандай сыры бар

Актриса Индира Сабирова отбасы жайлы құпияны көпшілікпен бөлісті , деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

- Негізі, мен Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыдым. Менің күйеуім вокалдан сабақ беріп жүрді. Былайша айтқанда, ағай болды. Жас аралығы - 5 жас. Сәл үлкен болған соң ұят болатын шығар деп ойладым. Екеуіміз кездесе бастағанда бәрі білді. Төртінші курста кездесе бастадық. Екі жыл кездесіп, 2020 жылы тұрмысқа шықтым, - деді актриса.

Сонымен қатар Индира Сабирова карантин уақыты болғандықтан, тойдың үйде өткенін айтты.

- Ол кез карантин уақыты еді. Қиындау болды, мейрамханаға рұқсат жоқ. Ал менің бала кезден арманым ақ көйлек киіп, той жасау еді. Дәл мен тұрмысқа шыққанда карантин болды. Мейрамхананың артынан кіріп дегендей, ұзатуым жасырын болды. Жолдасым Павлодардан. Ол жақта заңға қаталдау болғандықтан, тойды үйде елу адамға жасады. Кішігірім той, беташар үйде болды, - деді Индира Сабирова.

Оқи отырыңыз: Төреғали Төреәлі өміріне мән берген адамға тұлпар мінгізді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

актриса
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир