Димаш Құдайбергенге Си Цзиньпин қалай бата берді

04.07.2024 15:31

Әнші Қытай басшысының рухани тұрғыдан кемелденген адам екенін айтты

dimashnews.com

Ғажайып дауысымен күллі әлемді таңғалдырған Димаш Құдайберген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен танысқан кезін еске алды. Қытай басшысы қазақстандық әншінің өнерін аса жоғары бағалайтынын айтып, оған батасын берген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Димаш Құдайберген мен Си Цзиньпин 2017 жылы "I am Singer" жобасынан кейін кездескен. ҚХР төрағасы отандасымыздың өнеріне жоғары бағасын берген. 

- Мен Си Цзиньпин мырзамен алғаш рет 2017 жылы "I am a Singer" жобасынан кейін кездескен едім. Ән айтып болғаннан кейін, маған ол кісі келіп, өнерім мен шығармашылығыма жоғары бағасын берді. Тіпті бата беріп, ерекше әсерге бөледі. Ол тіпті менің жанкүйерім екенін айтты. Әйелі де менің жұмысымды бақылап жүретінін айтып, ерекше әсерлендірді. Ол кездесу мен үшін өте қуанышты жағдай еді. Президенттерге артылған жүк аса ауыр. Оны жақсы түсінемін. Екі елдің достығына орай, екі ән жазғаным есімде. Бірінші ән қытайша, екіншісі қазақша жазылды. Ол кісі рухани тұрғыда кемелденген адам. Әнді толыққанды түсінуге тырысып, сезініп, толғанады екен. Жалпы өте мәдениетті кісі екені бірден байқалады, – деп еске алды Димаш. 

Оқи отырыңыз:Бизнес-класпен несіне ұшамыз: Гүлзира Айдарбекова ұшақта бортсерікпен ұрсысып қалған