Бизнес-класпен несіне ұшамыз: Гүлзира Айдарбекова ұшақта бортсерікпен ұрсысып қалған

instagram.com/gulziraaidarbekova
instagram.com/gulziraaidarbekova
Ол "Қазақстанда да осындай мәселе алдыңнан шыға береді" дейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда  танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұшақта шу шығарып, бортсерікпен кикілжіңге келген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап. 

- Елге ұшып келемін. Отбасымызға аман-есен оралайық! Қатты қуанып келе жатырмын. Елге сағынып жетемін. Қыдырған жақсы, үйің болған одан да жақсы. Ұшақта адам аз екен. Жаңа ұйықтаймын деп отыр едім. Бортсерік қызбен ұрысып қалдым. Неге дейсіздер ме? Мен одан екі түрлі дәм сұрадым. Бірі – сиыр еті, екіншісі ащы «тауық еті». «Бізде ол қалмады, бітіп қалды» деп тұр. Ұшақта адам аз. Қалай бітіп қалады?! Түсініксіз. Біз не үшін бизнес-класпен ұшамыз?! Қазақстанда да осындай мәселе алдыңнан шыға береді. Негізі аш та емеспін. Өйткені үйге барған сайын келіндерім сүрленген етін асып, күтіп алады. Сонда да бұлардың тірліктеріне таңғалдым, ашуландым. Ақшаны алғанда бәледей өздері. Осы ұшаққа мысалы үшін, 455 мыңға билет алдым. Енді соны қалайша реттемейді?! Сол ақшаның ішіне тамақты неге кіргізбейді? Бұлардікі мүлдем дұрыс емес.

Сөзімді түсініп, кешірім сұрады. Негізі тәкаппарлық жоқ екен. Иіліп тұратындары ұнайды. Мейлі, ештеңе етпейді енді. Бірақ сонда да бұлардікі дұрыс емес, – деп Гүлзира Үсенқызы Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Оқи отырыңыз: Төреғали Төреәлі бір сәтте қартайып кетті: әнші тағы да елді шулатты

Новости партнеров