Самаралық гитарашы қазақ тілінде ән айтып, жұртты сүйсіндірді

27.04.2021 15:48

Ол қазақ әндері ұнайтынын айтады

youtube.com

Самара қаласының тұрғына қазақ әндерін орындап, желі қолданушыларын таңқалдырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол қазіргі халық арасында кеңінен танымал қазақ әндерінен поппури айтады. Youtube-та өзінің жеке арнасы бар, сол жақта желі қолданушыларына гитара ойнауды үйретеді. Сонымен қатар, қазақстандықтармен онлайн байланысқа шығып, қазақ тілінде ән айтып, олардың бағасын, пікірін сұрайды.  «Дискотека Из 90», «Сендей ару жоқ», «Достарым менің золотой» сияқты көңілді әндермен қатар, көше әндерін де орындайды.