Димаш Құдайберген фортепианода қазақ әнін шебер ойнады

08.12.2023 15:52

Димаш қазір Венгрияда жүр

Фото: Аlmaty.tv

Димаш Құдайберген фортепианода қазақ шығармасын шебер ойнады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген фортепианода қазақтың халық әні "Құсни Қорланды"орындады.

Димаш қазір Венгрияда жүр.

 - Дәл қазір мен Венгриядамын. Жұмыс істеп жүріп, "Құсни Қорлан" атты халық әнін орындауды жөн көрдім, - деп жазды өнер иесі.

Жанкүйерлер оның өнерін қатты ұнатты:

- Фортепиано жанындағы сәнді кеш! Ән үшін, сыйқырлы күй үшін рахмет, Димаш!

- Сіздің ойнағаныңыз маған қатты ұнайды! Құлағымның құрышы қанды! Осы сұлулық үшін рахмет! 

- Қандай әдемі! Мамыр айында Будапеште кездескенше!

- Әдемі. Барлығы әдемі, музыка әдемі, фортепиано әдемі.

2024 жылдың 4 мамырында Димаш Құдайберген Будапеште жеке концертін өткізеді.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік күні қарсаңында алматылық қариялар бақ сынасты