Тәуелсіздік күні қарсаңында алматылық қариялар бақ сынасты

Almaty.tv
Almaty.tv
Мерекелік іс-шараға бас-аяғы 100-ге жуық адам қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық қариялар алда келе жатқан Тәуелсіздік күнін атап өтті. Жетісу аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мұрындық болуымен 8 ауданның зейнеткерлері жарыс ұйымдастырып, өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақ жаулықты әжелер жастарға бостандықтың қадірін түсіндіру міндеті деп санайды.

– Әуезов ауданынан келдік. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «Ақниет» деген ансамбль құрылған. Барлық қатысушыларға жеңіс тілеймін, – деді зейнеткер Ақжан Жайсаңбаева.

Айта кетейік, мерекелік іс-шараға бас-аяғы 100-ге жуық адам қатысты. Үш кезеңнен тұрған байқауда ақсақалдар мен әжейлер ұлттық киіммен би билеп, ән салып, жиылған қауымды тәнті етті. Қазыналы қарттарымыз алдағы уақытта осындай концерт жалғаса берсе деген тілегін айтты.

– Орталыққа зейнеткерлер денсаулығын жақсарту мақсатында, бос уақытын тиімді өткізу үшін келеді. Тек тәуелсіздік күні ғана емес, барлық мерекені атап өтеміз, – деді Жетісу аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының директоры Еңлік Алтынбекова.

Оқи отырыңыз: Адамзаттың Айтматовы: Алматыда әдеби кеш өтті

Новости партнеров