Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды

instagram.com/kudaibergenov
instagram.com/kudaibergenov
Әнші Ақтөбе қаласында тұрғындармен кездесіп қайтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген әнші Димаш Құдайберген еліміздегі төтенше жағдайға бей-жай қарамай, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде өз атынан қомақты қаржы аударды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі әншінің әлеуметтік желісіне сілтеме жасап. 

Димаш Құдайберген күні кеше Ақтөбе қаласында су тасқынынан зардап шеккендермен кездесіп, олардың қал-жағдайын біліп қайтқан болатын. Өнер иесі баспанасынан айырылып қалған жерлестеріне демеу болып, олардың жанынан табылды. Әнші туған жеріне сапары кезінде "Демеу Қазақстан" қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды. 

Айта кетейік, бұған дейін әнші Динара Сұлтанның күйеуі серіктестерімен бірігіп, қиын жағдайда қалған отандастарына қаржылай көмек ретінде 100 млн теңге жіберген. 

Оқи отырыңыз: Димаш баспаналарын су алып кеткен халыққа көмектесуге шақырды

Новости партнеров