Ресейлік танымал актер қазақ тілінде ән салып, жұртты тәнті етті

14.10.2021 16:03

Азамат Мұсағалиев орындаған ән «Сен» деп аталады

feedc.com

Ресейлік танымал әзілкеш, КВН ойыншысы Азамат Мұсағалиев Instagram желісінде қазақ тілінде ән айтқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Азамат Мұсағалиев орындаған ән «Сен» деп аталады. Желі қолданушылары КВН ойыншысының дауысына таңғалып, жылы лебіздерін білдіруде.

«Батырхан Шүкенов ағаны есіме түсірді», «Керемет дауыс», «Өте әдемі орындау», – деп жазды Instagram қолданушылары.

Азамат Мұсағалиев – Ресейде туып-өскен қазақ, актер, әзілкеш, тележүргізуші. «Сборная Камызякского края» КВН командасының капитаны, «Однажды в России» шоуының қатысушысы, ТНТ арнасындағы «Где логика?» шоуының жүргізушісі.