Роза Әлқожа өнер адамдары су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек жинағанын айтты
Шоу-бизнес өкілдері жиналып, елімізде су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді. Әнші Роза Әлқожа өнер адамдарының әзірге 25 млн теңге ақша жинап қойғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі әншінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
- Үш жүздің басы қосылатын күн туды. Өйткені, су тасқыны бір елге емес, еліміздің түкпір-түкпіріне жетуде. Өнер адамдары: әнші, продюсер, ақын, журналистер, асабалар бәріміз бірігіп ашқан топ бүгін елмен бірге екенін айтып, ортаға түскен қаражатты қалай жеткізу қажетін ақылдастық. Әзірге 25 млн теңге жиналды. Алдағы уақытта зардап шеккен жұртпен жеке жүздесетін боламыз. Біздің көмегіміз теңізге түскен тамшыдай болса да, жүрегіміздегі жанашырлық сезімін осылай жеткізгіміз келді, – деп жазды Роза Әлқожа Instagram-дағы парақшасында.
Сонымен қатар әнші қаражат жинауға атсалысқандардың тізімін де жариялады. Олардың арасында Ерғали Әбдірайымов, Ердос Қанаев, Гүлзира Айдарбекова, Мақпал Жүнісова, Жеңіс Ысқақова, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Өктем Алтаев, Елнұр Наурызбек, Мұқасан Шахзадаев, Өмірқұл Айниязов, Бауыржан Бекахметов, Мирас пен Құралай, Қуаныш пен Қарлығаш, Ерке Есмахан, Мөлдір Мұқанова, Мадина Сәдуақасова, Гүлнұр Оразымбетова, Арайлым Рахымқызы, Индира Елубаева, Үкітай Ерниязов, Кеңес Әлімжан, Мұхтар Ханзада, Айбек Қайбулла, Мәлік Жамбылұлы, Ақбота Сейтмағамбет, Анар Батырхан, Құдайберген Бекіш, Света Айтбаева, Бағым Мұхитденова, Садраддин, Бекжан Тұрыс, Ақбота Керімбекова, Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Нұрболат Абдуллин, Бибігүл Қилымхан, Әзімбек Байлин, Қажымұрат Шешенқұл, Бауыржан Тұрабаев бар.
Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген қолдау көрсетті: зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды