Қазақ каскадерлары жеңіп алған әлемдік Taurus сыйлығы Алматыға жетті

BaigeNews.kz
BaigeNews.kz
Бұл – каскадерлердің «Оскары» саналатын жоғары марапат
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жайдарбек Күнғожинов пен Nomad Stunts командасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында жарыққа шыққан «Томирис» фильмінде трюктерді қойғандары үшін жеңіп алған Дүниежүзілік каскадерлер академиясының (АҚШ) беделді Taurus сыйлығы Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың соңында қазақстандық Nomad Stunts каскадерлер командасы (режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасында көрсеткен трюктері үшін) «Таурус» сыйлығын жеңіп алған болатын. Бұл – каскадерлердің «Оскары» саналатын жоғары марапат. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі әдетте Лос-Анджелес қаласында Paramount студиясында өтеді. Алайда пандемияға байланысты жеңімпаздарды марапаттау рәсімі онлайн өткен еді. Жайдарбек Күнғожиновтың статуэткасы Қазақстанға, жеңімпаздың қолына енді жетті. Салмағы 12 келі, жезден жасалған мүсін өз өлшемдерімен бәрін таңқалдырды.

«Бұл сыйлық біздің мамандықтағы ең жоғарғы марапат. Бұдан кейін тек келесі Taurus қана мақсат бола алады», – дейді Жайдарбек Күнғожинов.


Новости партнеров