|
26.11.2021 | 11:39
7403

Алматылық бойжеткен ТМД елдерінде ең танымал блогер атанды

Хома жақында 27,5 миллион жазылушы жинап, ТМД елдеріндегі тиктокерлер арасында бірінші орынға шықты

Алматылық бойжеткен ТМД елдерінде ең танымал блогер атанды Almaty.tv

TikTok әлеуметтік желісінде Хомяк атымен танымал алматылық 18 жастағы Алина Ким, ресейлік Кирилл Колесниковты басып озып, ТМД елдеріндегі ең танымал блогер атанды, деп хабарлайды  Almaty.tv  тілшісі  Tengrinews.kz  сілтеме жасап.

Хома жақында 27,5 миллион жазылушы жинап, ТМД елдеріндегі тиктокерлер арасында бірінші орынға шықты. Бұл ретте каскадер Кирилл Колесников абсолютті көшбасшы болып қалды. Бірақ бүгінде Хомяк оны басып озып, 34,8 миллионға жуық оқырман жинады.

Қазір Хомяк әлемдегі ең танымал қазақстандық TikTok-Yolo House үйінің флагманы болып табылады. Команданың жұмыс істеп жатқанына бір жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт ішінде ерекше атмосфера мен тәртіп қалыптасып үлгерді, шығармашылық процесте әркім өзіне ұнайтын нәрсемен айналысады.

Хома липсингті және (фонограммамен ән айтуды), сонымен қатар әр түрлі кейіпкерлерді сомдауды жақсы көреді.

Алина команда алдында ерекше жауапкершілікті сезінетінін және алға жылжытуға бар күшін салатынын айтады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир