Актер, әнші Абай Асылхан өзге ұлттың қызын жар етіп алуға қарсы емес. Бұл туралы актер Almaty.tv тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, махаббат жасқа да, ұлтқа да қарамайды.
«Махаббат жасқа да, ұлтқа да қарамайды. Ең бастысы екі жас бақытты болса болды. Менің бастысы ниетім мұсылман дінін қабылдаған қыз болса жеткілікті», – деді әнші.
Айта кетейік, Абай Асылхан «Аппақ келін» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған болатын. Оның өмірдергі жары Жанель Мақажан өзінен сегіз жас үлкен. Бұл туралы осыдан бір жыл бұрын "Папарацци" бағдарламасында Жанель Мақажан ағынан жарылып, бар шындықты айтқан болатын.
"Менің адамым – Абай Асылхан. Ол да актер, өнер саласынан. Бір-бірімізді түсінетіміз де соның арқасында болар.Көп нәрсеге көзқарасымыз бірдей. Екеуміз бір бағытта қараймыз, бір бағытта жұмыс істейміз. Адами тұрғыда өзімізге қатысты көп нәрсені әңгімелесе отырып шешкеннен кейін бізде көп ұқсастық бар. Сол себепті, бұл менің адамым деп еркін айта аламын. Арамыз сегіз жас. Біреу түсінсе, бірі түсінбей жатар. Қазір мен махаббат жасқа қарамайды деген ұғымды шынайы түсіне бастадым", – деді актриса.
Қазіргі таңда Абай Асылхан мен Жанель Мақажан отбасын құрып, бақытты да баянды ғұмыр кешіп жатыр.