Өшімді 12 миллиондық сөмкеден аламын: Ерке Есмахан

14.04.2024 16:37

Өнер иесінің басы дауға қалды

Екі-үш күн бұрын жиналған әншілердің ақша қорының тізімінде болған Ерке Есмахан 200 мың бергені үшін басы дауға қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

- Дәл соны жаңалық етіп, интернетке шығарыпты. "Ұят! 200 мың теңге ғана беріпті" деп шулап жатыр екен. Неге мен, үнемі мені ғана ел сөз етеді осы. Енді сіздер "Ұят!" деп отырған 200 мыңға дейін қаншама көмек кетті бізден. Бұл су тасқынының басталғанына 20 күндей болды ғой. Алдымен өз жеріміз Орал, Ақтөбедегі бірінші туыс, танысқа көмектестік. Қаншама отбасына ақшалай аударым жасалды. Одан бөлек көптеген қорларға ақша жібердік. Сол ақшаның бәрінің есебін шығарып, күйеуіме ренжіп отырмын. Бөліп-бөліп бергеннің өзінде үлкен сома шықты. Одан да сол бөлмей шыққан 6 миллионды бір аудару керек еді. "Дұрыс жасамадық, ауыз толтырып айтатын сома болар еді" деп ренжідім. Ал күйеуім әдеттегідей "Алла білсе болды, жұртсөлей береді, жайбарақат отыра берші дейді. Әйел адамбыз ғой, қалай жайбарақат отырамыз, – дейді өнер иесі.

Әншіні желі қолданушылары "200 мың берді" сынауына жақында 12 миллион теңгеге бренд сөмке сатып алғаны да себеп болған.

- Мына сөмке бәле болды. Біреуге бірдеңе бермесең, көмектеспей қалсаң немесе аз берсең, осы сөмкені айтып шығады. Су тасқыны біткен соң өшімді осы сөмкеден алам. Езіп-езіп, лақтырып, бауға да, тауға да осыны ұстамасам, – деп әзілдеді ол.

Оқи отырыңыз: Апаттан кейін мұқтаждық артады: Алтынай Жорабаева көпшілікке үндеу жасады