|
01.07.2022 | 12:08
5295

Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді

Билет сатудың басталғаны туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар порталы – DimashNews.com-да жарияланады

Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді Фото: ашық дереккөзден

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматыда концерт беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Құрметті достар! Алматы қаласында "Stranger" атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім", - деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде.

Әншінің жеке концерті 2022 жылғы 23 қыркүйекте өтеді.

"Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін!" - деді Димаш.

Билет сатудың басталғаны туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар порталы – DimashNews.com-да жарияланады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир