|
10.11.2021 | 11:46
5771

Украиналық әнші Тина Кароль қазақ тілінде ән шырқағысы келеді

Бұл туралы ол «Алматы» телеарнасының «Таңғы Studio» бағдарламасында айтып берді

Украиналық әнші Тина Кароль қазақ тілінде ән шырқағысы келеді almode.ru

Танымал украин әншісі Тина Кароль қазақстандық әртістермен қазақ тілінде ән шырқағысы келеді. Бұл туралы ол «Алматы» телеарнасының «Таңғы Studio» бағдарламасында айтып берді.

Бағдарлама барысында әншінің жанкүйерлері эфирге қосылып өз сұрағын қойды. Біраз уақыттан бері әнші қазақ тілінде ән шырқағысы келетіні жайлы айтып, бұл ойы әлі де өзгермегенін жеткізді.

«Жаңа ән тауып, қазақстандық әншілермен бірге неге шырқамасқа?!» – деді әнші.

Сондай-ақ бағдарлама жүргізушісі қазақ композиторларының Тина Карольмен бірлесе жұмыс істеп, тарихта қалуға тамаша мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Бағдарлама соңында Тина Кароль қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, пандемия аяқталғаннан кейін Қазақстанда концерт бергісі келетінін айтып, тыңдармандарын қуантты.

Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир