|
24.09.2021 | 11:48
1929

AZ мен Ерке Есмаханның видеосы желіде қызу талқыланды

Қос ғашық желіде қол ұстасып келе жатқан бейнежазбамен бөліскен

AZ мен Ерке Есмаханның видеосы желіде қызу талқыланды

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызы жұптардың бірі Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев жанкүйерлерін жаңа видеомен қуантты. Қос ғашық желіде қол ұстасып келе жатқан бейнежазбамен бөліскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталмыш видео Азамат Зенкаевтың Instagram парақшасында пайда болған. Бейнежазбадан жұлдызды жұптың қол ұстасып серуендеп келе жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары бірден оларды қызу талқыға алып, пікір бөлісті. 

Кейбір оқырмандар қос ғашықтың бірдей киініп алғанын байқап, олардың талғамына жоғары бағасын беріп өтті. Азамат пен Еркенің жеке өмірін жіті қадағалап отыратын жанкүйерлері олардың видеосына тәнті болып, ғашықтарға деген ақ тілектерін жаудырды. 

«Бақытты болыңдар. Көз тимесін», «Тәтті жұп. Жас айырмашылығы білінбейді екен», «Екеуі жарасып-ақ тұр. Бақытты болыңдар», «Махаббаттарың баянды болсын», «Бірдей стильде киініп алыпты. Жарайсыңдар», «Стильдерің ерекше, сендерге қатты қызығамын», «Шынайы махаббат бар», – деп жазуда көпшілік.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир