Гонорары 10 млн теңге: Қайрат Нұртас пен Роза Рымбаева павлодарлықтар алдында ән салады

15.03.2024 05:18

Мерекелік концерт 22 наурызда Орталық алаңда өтеді

Инстаграм: Аlmaty.tv

Павлодарлықтардың Наурыз тойында көңілі көтеріліп, мерекені жақсы атап өтуі үшін қалалық әкімдік Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі kyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы баспасөз отырысында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева айтты. Қос жұлдыздың Павлодар алаңында ән шырқауына 10 млн теңгеге жуық бюджет қаржысы жұмсалмақ.

Мерекелік концерт 22 наурызда Орталық алаңда өтеді. 

- Ақшаның негізгі бөлігі жұлдыздардың гонорарына кетті. Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың қымбат әншілер екенін түсінеміз. Олардың жалпы гонорары шамамен 10 млн теңгені құрайды, - деді Светлана Гладышева.

Ол мерекелік бағдарламаға қатысты қаланың жалпы шығыны туралы сұраққа жауап бергенде айтты. Павлодарлықтар Наурыз мерекесін 21-22 наурыз күндері тойлайды. 21 наурыз күні мереке сағат 11:00-13:00 аралығында, 14 шағынауданда мерекелік іс-шаралар өткізіліп, көрмелік киіз үйлер орнатылады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 14 наурызда Көрісу күні атап өтіледі