|
21.02.2022 | 13:01
1056

Қытайда жанкүйері Димаш Құдайбергенді таңғалдырды

Қытайда жанкүйері Димаш Құдайбергенді таңғалдырды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әнші Димаш Құдайбергенге қытайлық жанкүйері тосын сый жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Димаш Құдайберген Instagram-да жарияланған видеода оны жанкүйерлер қоршап тұрғаны көрінеді. Кадрларда Димаш оларды мұқият тыңдап, бақылап тұр. Бір сәтте жиналғандардың бірі ән шырқай бастайды, ал әннің соңын қазақ тілінде айтады. Мұны естіген Димаш таңғалғанын жасырмайды. Осыдан кейін ол жанкүйерімен қол алысады.

"Қытай қалаларының бірінің әуежайында түсірілген видео. Ер адам әнімнің соңғы жолдарын қазақша айтқанда, таңғалдым", - деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Шамасы, жанкүйер Димаш Құдайбергеннің "Ұмытылмас күн" әнін шырқаса керек, ол әнің соңында "аңсарым да ардағым сен" деген жолдарды айтады.

Бұған дейін әнші Қытайдан Ресейге жаңа әнге бейнебаян түсіруге ұшып келгенін айтқан болатын.

"Біз Санкт-Петербург қаласындамыз. Ресейде екі аптаға жуық уақыт боламын, өйткені концерттерге қатысамын, телебағдарламаларға түсемін", - деп жазды ол.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир