Абай Бегей ұлына ерекше есім берді

Зере Саримова
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Қазақстандық танымал эстрада әншісі тағы да әке атанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық танымал эстрада әншісі Абай Бегей тағы да әке атанды, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазған болатын.

"Жеңіс күні құтты болсын! Құттықтауларыңызға көп-көп рақмет! Сідерге де жұғысты болсын! Қазағымның әр бір шаңырағында сәбидің үні кетпесін. Ибраһим Абайұлы. 09.05.2023", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылар Абай Бегейдің мұндай қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді. 

"Бауы берік болсын!", "Абай мырза, сіз үшін қуаныштымыз. Кішкентайдың бауы берік болсын!", "Ата-бабасының Жеңіс күнінде туған бала ешқашан өмірде жеңіліс көрмей, тек жеңісті болсын", "Құтты болсын! Бауы берік болсын! Ғұмырлы болсын! Бақытты балалық шағы болсын! Алла Тағала екі дүниенің жақсылығын және бақытын нәсіп етсін деп тілеймін", - деді оқырмандары. 



Новости партнеров