"91" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаев жеке әнші ретінде жаңа бейнебаянын түсіріп, жанкүйерлерін қуантты. Өнер иесі клипінің шығуына орай арнайы салтанатты түрде тұсаукесер шарасын өткізген. Оған бірқатар қазақстандық жұлдыздар қатысқан, деп жазады Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
AZ лақап атымен танылған әнші өзінің тың туындысын алдымен өнердегі әріптестеріне таныстырған. Бейнебаянның тұсаукесері Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен.
Мерекелік шараны Азамат Зенкаев пен оның ғашығы Ерке Есмахан ұйымдастырған.
Жұлдызды жұп қонақтарын күтіп алып, оларға барынша көңіл бөлуге тырысқан. Оған әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбалар дәлел болмақ.
Aзаматтың қуанышына ортақтасып келген жұлдыздар қатарында Тамара Асар, Мәдина Сәдуақасова, Гүлназ Жоланова, Гүлнұр Мамасарипова, Мәдина Балғабаева, Жан Мұқанов, Луина, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали және т.б. бар.
Сонымен қатар "91" тобының мүшелері де бұрынғы әріптесін арнайы құттықтап барған.
Айта кетерлігі, бейнебаянда Ерке Есмахан да бой көрсеткен. Ол әнші емес, актриса ретінде түскен.