|
16.10.2021 | 13:16
7749

Димаш сыртқа шыға алмай қалды: Қытайда қызықты оқиға болды

Димаш Қытайға телевизиялық реалити-шоудың түсіріліміне қатысу үшін барды

Димаш сыртқа шыға алмай қалды: Қытайда қызықты оқиға болды Официальный новостной сайт Димаша Кудайбергена

Әлеуметтік желіде танымал әнші Димаш Құдайберген мен оның фанаттары туралы қызықты видео таралып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Қытайдың Уси қаласындағы қонақүйден шыққан музыкантты бір топ тыңдарманы күтіп алған – видеодан өнер сүйер қауым Димашты қаумалап, «Сәлем» деп айқайлап, телефондарына түсіргенін көруге болады.  

Бір кезде айналма есік адам нөпіріне төтеп бере алмай, сәл уақыт ашылмай қалады, бұл фанаттардың күлкісін келтірді. Димаш алдымен жанында тұрған бозбалаға жол беріп, кейін өзі шығады.    

«Рахмет», – деді Димаш көлікке отырмас бұрын.

Димаш Қытайдың Уси қаласына телешоудың түсіріліміне қатысу үшін барды. Жобада белгілі әнші, актер, рэп орындаушы, бишілерден топ құрып, бұл команданы финалға шығару қажет. Димаш бұған дейін жоба вокалдық конкурс емес екенін айтқан болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир