Нұр-Сұлтанда бойжеткен аялдама терезесін кірпішпен ұрып сындырды

© CC0 / Kira Hoffmann
© CC0 / Kira Hoffmann
Аталған факт бойынша «бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада қоғамдық көлік аялдамасының әйнегін сындырған қыз ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кеше сағат 22:11-де Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Бөгентай батыр даңғылы бойында белгісіз адамның аялдаманың және оған таяу маңда тұрған көліктердің әйнегін сындырып жүргені туралы хабарлама түсті. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 23 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. Күдік қыздың қолында кірпішпен алдымен аялама әйнегін, одан кейін «Toyota Corolla» және «Nissan» маркалы көліктердің артқы терезелерін сындырғаны анықталды», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті мәліметінде.

Ведомство ақпаратына сәйкес, аталған факт бойынша «бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

«Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны, сонымен қатар өзгенің мүлкін бүлдіргені үшін ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шығын сомасы анықталып жатыр», – деді «Байқоңыр» аудандық ПБ бастығының орынбасары Дархан Сайранбеков.

Новости партнеров