Ол 65 жаста еді
«Вавилон-5» және «Lost» сериалдарындағы рөлдерімен танымал хорватиялық актриса Мира Фурлан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Вавилон-5» сериясының атқарушы продюсері Джозеф Майкл Стражинский Фурланның денсаулығы нашарлап жатқанын оның жақындары білгенін айтады, алайда олар жақсылықтан үміт үзбеген.
«Бұл түн қайғыға толы, өйткені біздің досымыз әрі жолдасымыз қайтпас сапарға аттанды», – деп жазды Стражински Twitter-де.
Фурлан 1955 жылы Загребте дүниеге келген. Актерлік мансабын алғаш театрда ойнаудан бастаған, кейіннен фильмдерде түсе бастады. Ал 1980 жылы түсірілген Эмира Кустурицаның «Іссапардағы әкем» фильміндегі рөлі үшін ол кино саласындағы беделді сыйлық «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алған болатын.
РБК