"Үйден шықпаймын, көп жүруге болмайды". Ерке Есмахан жүктілік кезінде өзін қалай сезініп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
- Томпақ Еркеден жалынды сәлем! Қазір менің салмағым 67, 68 кг болды. Бірақ өзімді жақсы сезініп жүрмін. Бүгін серуендеуге шықтым. Таңға жуық іс-сапардан жолдасым ұшып келді. Сөйтіп қалаға шығып кеттік. Алматыда бүгін жаңбыр жауып, күздің керемет күні болып тұр. Қазір кішігірім шоппинг жасаймыз. Менің қызығым сол, басқа ешқайда бармаймын. Сосын тамақтанамыз, серендейміз. Енді босанғанша үйден шықпаймын, ұшақпен ұшуға да болмайды. Көп жүруге де болмайды, - деді Ерке Есмахан.
Дәрігердің нұсқаулығын қатаң ұстанатын әнші қазір денсаулығын көбірек мән береді. Таза ауада серуендеп, дәрумендер тұтынады. Еске салайық, бұған дейін эстрада әншісі Ерке Есмахан мен Raim жақында ата-ана болатынын жария еткен еді.
Оқи отырыңыз: Әкесі мінбеген көлік әнші Бағлан Әбдірайымовқа бұйырды