Егер кенеттен қызуыңыз көтерілсе, дәрі ішуге асықпаңыз. Біріншіден, сіз ағзаның өздігінен күресуіне кедергі жасайсыз. Екіншіден, жоғары температурадан дәрісіз арылудың жолдары бар. Бұл жайлы терапевт Алексей Жито айтып берді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Дене қызуы көтерлігенде, егер қатты жоғары болмаса, бірден дәрі көмегіне жүгінудің қажеті жоқ. Бірақ оған шыдауға да болмайды. Себебі әдетте жоғары температураға әлсіздік, бас пен бұлшықеттердің ауыруы қосылады. Дәрігер алдымен мына әдістерді байқап көруге кеңес берді.
1. Сұйықтық көп ішу
Жоғары температура кезінде ағза судың көп мөлшерін жоғалтады, сондықтан адам ағзасының сусыздану қаупі бар. Бұл оның жағдайын одан сайын ушықтырады. Сол үшін сұйықтық орнын толтыру керек.
Бұл мақсатта жылы шай, сорпа, қайнаған су немесе табиғи шырындар ішкен дұрыс.
2. Суық компресс жасау
Кішкентай сүлгіні суық суға салып, сығып, маңдайыңызға 15-20 минутқа қойыңыз. Ұзақ ұстауға болмады.
- Мұндай компрестерді әр үш сағат сайын жасау керек. Құрамында жалбыз бар арнайы гельдерді де қолдануға болады, - дейді Алексей Жито.
3. Бөлмені желдету
Бөлменің ішінде таза және суық ауа болуы керек, сондықтан жүйелі түрде желдетуді ұмытпаңыз. Мұндай әдіс өзіңізді жылдам жақсы сезінуге көмектеседі. Бірақ салқын желдің астында отырып қалмаңыз.
Сондай-ақ дене қызып кетпеуі керек, сондықтан үстіңізге жеңіл киім киіңіз. Ыстық көтерілген кезде қалың көрпенің астына жатпаңыз.
4. Ұзақ ұйықтау
- Ауырып қалдыңыз, бірақ жұмыс істеу керек. Үй шаруасы мен басқа да белсенді қимылды қажет ететін жұмыстарды атқарыңыз. Сонымен қатар көбірек демалып, ұйықтау қажет. Сондықтан жұмыстан демалыс алуға тырысыңыз, қанша ұйықтағыңыз келеді, сонша ұйықтаңыз. Сол кезде температураңыз қалыпқа келеді. Басыңыздың ауырғаны қояды. Ескерту: бұл әдістер температураны уақытша түсіруге көмектеседі, бірақ аурудан арылтпайды. Егер ауру белгілері сақталса немесе асқына түссе, міндетті түрде жедел жәрдем шақыру керек. Егер компресс пен ұйқы көмектеспеген жағдайда қызу түсіретін дәрі ішкеніңіз дұрыс. Бірақ оны көп ішпеңіз және нұсқама бойынша ғана пайдаланыңыз. Негізі дәрі мөлшерін дәрігер науқастың ерекшелігіне қарай жазып береді, - деді дәрігер.
Оқи отырыңыз: Алматылық травматологтар науқастың аяғын сақтап қалды