Алматылық әнші «Украина дауысы» жобасында Тина Карольді тәнті етті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Әртіс көзіне жас алып, Сәулемен бірге ән шырқады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық Сәуле Жұмабекова "Украина дауысы" ("Голос Країни-11") музыкалық жобасына қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сәуле бала кезінен ән айтып, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған. Ол Тина Карольдің командасына түсіп, бірге ән айтқысы келген. Сондықтан жобаның алғашқы көрмей тыңдауына украиналық поп-диваның "Я все еще люблю" әнін таңдаған.

«Осы әнді таңдағаныңа рақмет. Бұл мен үшін өте ауыр ән. Ол менің өмірімдегі қиын кезеңді сыйпаттайды», – деп бөлісті Тина Кароль

Әртіс көзіне жас алып, Сәулемен бірге ән шырқады. Қазір бұл әнді орындамаса, кейін көңіл-күйі болмайтынын да айтты. Тина мен Сәленің дуэтінен көрермендер көзіне жас алды, әділқазы мүшесі Надежда Дорофеевте жылады.

«Мен өзімді бұл жобаға түскен өте бақытты адам деп санаймын. Тина қолымнан ұстап, қолдап ән салғанда өзімді ертегідегідей сезіндім. Сахнада өзімді ерекше бақытты сезінетінімді түсіндім! Келесі қойылымдарымда да маған қолдау көрсетсеңіз, қуанышты болар едім», – деп бөлісті жоба қатысушысы.

Сәуле музыкамен бала кезінен айналысады. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін тәмамдаған. 4 жылдан бері Диана Шарапованың вокал және музыка мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді.

Новости партнеров