Сәбит Әбдіхалықовтың танымал шәкірті кім

Сәбит Әбдіхалықовтың танымал шәкірті кім
Шәкіртім студент кезінен бастап менің қолымда болды, үйде 2 жыл бізбен бірге тұрды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов өзінің басты шәкірті кім екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы актер «Алматы» телеарнасының «Таңғы студио» бағдарламасында айтты.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықов бағдарлама барысында өзінің шығармашылығындағы жаңалықтарын айтты.

«Қазір «Қазығұрт» киностудиясында «Ботай» анимациялық туындысын жасап жатырмыз. Ол жылқы мен адамның алғашқы байланысын көрсетеді. Фильмде басты кейіпкер Ботайдың асау тұлпарды бірінші қолға үйретуі баяндалады. Бір жарым сағаттық фильмді 3D форматта дайындап жатырмыз, әлемдік прокатқа шығу үшін келіссөздер жүргізілуде», – деді ол.

Сонымен қатар режиссер өнердегі басты шәкірті кім екенін атап өтті.

«Мен дайындап, сахнаға шығарған балам – Қайрат Әділгерей. Ол студент кезінен бастап менің қолымда болды, үйде 2 жыл бізбен бірге тұрды. «Қазақстан» телеарнасына дубляжға да өзім апарғанмын. Сатиралық монологтарын жазып бердім, «Мафия мен Тақияның» сахнасына шығарып, халықпен таныстырдым. Ол драма саласын оқып, бітірген маман. Қазір эстрадада әдемі образ жасай алатын, әзілді жақсы жеткізетін актер болып өсіп келе жатыр. Болашақта Қайрат өзіндік стилі, жолы, мектебі бар мықты актер болады», – деді С. Әбдіхалықов.

Бағдарламаның толық нұсқасын  «Таңғы студио» бағдарламасынан көре аласыздар!

Новости партнеров