Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей «Алматы» телеарнасының «Таңғы студио» бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бағдарламада актер Дубайдағы сапары туралы айтып, сүйікті қаласы Алматыға сағынып келгенін жеткізді.
«Алматы – маған білім берген, достар мен орта тауып берген, менің өнерде де, өмірде де тұлға болып қалыптасуыма үлес қосқан үлкен қала. Алматы өнер ортасы ғана емес, аурасы да ерекше шаһар. Бұл қалада көк тиынсыз жүрсең де бақыттысың. Өйткені алыстан көз тартатын әсем тауы мен жанға жайлы табиғаты бар. Кем дегенде, саябақтағы көгершіндерге тамақ беріп демаласың», – деді Қ. Әділгерей.
Сонымен қатар, актер онлайн оқып жүрген балаларының оқудағы қызықтарын айтты. Дубай қаласына барудағы мақсатын да атап өтті.
Толығырақ «Таңғы студио» бағдарламасынан көре аласыздар.