Актриса Сая Оразғалиева екінші рет тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Екі жастың үйлену тойы кеше Алматыдағы үлкен мейрамханың бірінде өтті. Ол туралы актрисаның өнердегі достары әлеуметтік желіде жазып, құттықтап жатты. Қонақтардың арасында елімізге танымал өнер жұлдыздар бой көрсетті. Олардың қатарында әнші Рано Омарова, әзілкеш Марат Оразғазин, актриса Жания Джуринская, блогер Дана Есеева, әнші Луина да бар.
Саяның алғашқы некесі сәтсіз аяқталған. Ол бұрын отбасылық өмірде көп қиындық көріп, ажырасуға шешім қабылдаған. Сөйтіп, шоу-бизнес және кино саласында өз орнын табуға тырысады.
Актрисаның алғашқы некесінен Радмир есімді бір ұлы бар. Сүйіктісі Саяны ұлымен бірге қабылдауға дайын. Саяның таңдаған жігітінің өнер әлеміне ешқандай қатысы жоқ, есімі Ілияс Иминов.
Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын актриса сүйіктісімен мешітте некесін қиған болатын.