|
19.01.2022 | 14:33
791

Grammy рәсімі өтетін күн белгілі болды

Былтыр Grammy сыйлығы COVID-19 таралуына байланысты шегерілген еді

Grammy рәсімі өтетін күн белгілі болды Фото: ашық дереккөзден

Grammy 2022 музыкалық сыйлығын тапсыру рәсімі 3 сәуірде Лас-Вегастағы MGM Grand Garden Arena-да өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оңтүстік африкалық әзілкеш әрі актер Тревор Ноа іс-шараға жүргізуші ретінде қатысатыны айтылды. Grammy апталығының басқа ресми іс-шараларының, оның ішінде премьераның, «Жыл адамы» сыйлығының күндері мен орындары туралы қосымша мәліметтер жақын арада жарияланатыны белгілі болды.

«Grammy-ді Лас-Вегасқа алғаш рет әкеліп, әлемдік деңгейде шоу өткізетінімізге қуаныштымыз. Шоудың уақыты шегерілетіні жариялаған сәттен бастап, бізге қолдау көрсеткен хабарламалар келді», – деді Харви Мейсон, кіші Дыбыс жазу академиясының бас директоры.

Жыл сайынғы Grammy марапаттау рәсімі CBS Тelevision Network арнасында онлайн режимде көрсетіледі және шоуды Paramount+-тен тікелей эфирден тамашалауға болады.

Grammy 2022 сыйлығының номинациялары 23 қарашада жарияланды. Джон Батист көп номинация алды. Жалпы саны - 11. Одан кейін Doja Cat, H.E.R. және Джастин Бибер сегіз номинация алды.

Еске салайық, былтыр Grammy сыйлығы COVID-19 таралуына байланысты шегерілген еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Грэмми
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир