|
09.04.2022 | 14:40
3355

Уилл Смит 10 жылға «Оскар» марапаттау рәсімінен шеттетілді

Уилл Смит 10 жылға «Оскар» марапаттау рәсімінен шеттетілді

Америка киноакадемиясы Уилл Смитке он жыл бойы «Оскар» марапаттау рәсіміне және осы ұйымның басқа да шараларына қатысуға тыйым салды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осылайша актер 2022 жылғы Оскар марапаттау рәсімінде төбелескені үшін жазаланды. Ол орнынан тұрып, комик Крис Роктың бетінен ұрып, кейін оған былапыт сөздер айтқан болатын.

Смитке үкім кино академиясының виртуалды отырысында шығарылды, онда танымал Голливуд актеріне қандай жаза қолданылатыны талқыланды.

Смит өз әрекеті үшін кешірім сұрады, алайда бұл жеткіліксіз болды.

Академия мәлімдемесінде биылғы марапаттау рәсіміне Смиттің сахнадағы қауіпті әрекеті көлеңке түсіргені айтылады. Смиттің шеттеттілу мерзімі 2022 жылдың 8 сәуірінен басталады.

Бұған дейін Смит осы оқиғаға байланысты академия құрамынан кететінін мәлімдеген болатын. Ол «киноакадемияның сенімін ақтамағанын», өз әрекеті үшін қайғыратынын айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир