Танымал әнші Ерке Есмахан жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында босанатын мерзімі жақындаған сайын ерекше күйде жүргенін жазды.
- Бөпеміз дүниеге келгенше, ұйықтап алуға тырысып жүрміз, бірақ мен ерте тұрып кете беремін. Ал папасының ұйқысы жақсы. Мен қазіргі күйімді сөзбен жеткізе алмаймын. Аллаға шүкірден басқа айтарым жоқ. Жүрегімнің ішіндегі жүрегімнің өз режимі бар. Күнде таңертең мені осындай ғажап күйге түсіреді. Босанатын уақыт жақындаған сайын жату ыңғайсыз, бөпем де жыбырлақ. Бір-бірімізбен кездесуге асығып жүрміз. Мен негізі ұйқының адамымын. Іштен, қуықтан тепкілеп ұйқымнан оятады. Босанған соң әкесі мен ағасына ұстатам да өзім ұйықтаймын деп отырмын, - дейді әнші.
Оқи отырыңыз: Үздік телесериалдар: «Мұғалім» телехикаясы қаралым бойынша алда келеді