Әнші Рано кіммен не үшін соттасқалы жатыр

Әнші Рано кіммен не үшін соттасқалы жатыр
Бұл жағдайға Рано кімді кінәлайды?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Рано Умарова соттасуға дайын. Әншінің арын таптаған кім? Бұл жайлы ол «Алматы» телеарнасының «Paparazzi» бағдарламасында берген сұқбатында айтып берді.

Әнші Рано ұлымен саябаққа барғалы жатқанда,банк картасының бұғатталғаны жайлы хабарлама алған.Орын алған келеңсіз жағдай тек кешке таяу шешімін тапқан. Мәселенің мән-жайын анықтай келе, банк картасындағы шектеу мүлдем әншіге тиесілі емес болып шыққан. Бұл келеңсіздік Умарованың 2013 жылы сатылып кеткен пәтерінің қызметі мен оның өсімі үшін туындаған екен. Сондай ақ, пәтер иелері кооперативінің жұмысына салғырт қарағанынан туындаған қателік екені анықталды.

Бұл жағдайға Рано кімді кінәлайды?

«Сот орындаушылар менімен өте дөрекі сөйлесті. Халық алдындағы жүрген адам екенімді біліп,ақпаратты ғаламторға жариялаймын деп қоқан-лоқы көрсетті. Банк компаниясымен болатын мәселеге кез келген адам тап болуы мүмкін. Аталмыш мәселені инстаграмдағы парақшама жариялағанда, мен секілді жеке сот орындаушылармен бас қатырып жүрген оқырмандарым жауап қайтарған болатын. Демек, қарапайым адамдардың құқығы бұзылып жатыр. Мен адамдардың құқығы аяққа тапталмай,заң жүзінде әділеттіліктің орын алуын қалар едім», – дейді әнші.

Осылайша, Умарова өзі тұрмайтын пәтердің коммуналдық қызметі мен оның өсіміне 50 мың теңге төлегенін айтты. Банк картасы бұғатталып, әрі сот орындаушысы мен тығырыққа тіреген компания заңгерінен ауыр сөз естіген әнші ендігі моральдық шығынды өндіріп алу мәселесімен айналысатынын жеткізді. Толығырақ төмендегі сілтемеден көре аласыздар. 


Новости партнеров