|
05.02.2021 | 15:01
2563

Ziruza: Шығармашылық бағытым өзгеруі мүмкін

Жастар арасында танымал әнші әндерін қалай таңдайтынын айтты

Ziruza: Шығармашылық бағытым өзгеруі мүмкін Фото: kmuzon.com

Қазақстандағы q-рор жанрындағы үздік әншілердің бірі Ziruza «Алматы» телеарнасындағы «Таңғы студио» бағдарламасының қонағы болды. Бағдарламада ол шығармашылығындағы жаңалықтары мен сыни пікірлерге қалай қарайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жастар арасында танымал әнші әндерін қалай таңдайтынын ашып айтты.

«Ән таңдағанда продюсерім Ерлан ағамен бірге таңдаймыз.  Кейде әнді өзім жазамын, ұсынымды білдірген соң, ортақ шешімге келеміз. Біздің қарым-қатынасымыз адамгершілік негізде құрылған. Ең бірінші кездескенде өзі де «адамгершілігің ұнайды» деп айтқан болатын. Ол кісіден көп нәрсе үйрендім, бағытымды түзеп, ойларын айтып отырады. Арасында түсінбеушілік те болады, бірақ ұрысатындай үлкен дауға айналмаған», – дейді Ziruza.

Сонымен қатар Ziruza  болашақта музыкалық бағытын өзгертуі мүмкін екендігін айтты.

«Шығармашылық бағытымды әзірге өзгерту ойда жоқ, қазір дұрыс жолдамыз деп ойлаймын. Бірақ отыздан асқанда музыкалық бағытым өзгеруі мүмкін, себебі тыңдармандарым менімен бірге өсіп жатыр», – деді әнші.

Әншінің өзге де жаңалықтарын «Таңғы студио» бағдарламасынан көре аласыздар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир