Қайрат інісі Аянды туған күнімен құттықтады
Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас інілерімен бала кезде түскен фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Әнші бұл суреттерді інісі Аян Нұртасты туған күнімен желіде құттықтап, бөлісті.
- Қан мен жаның бір тамырдан жаралған бауыр барда бақытсызбын дей көрме. Алла бере салғаным туған күніңмен, - деп жазды Қайрат Нұртас.
Әншінің оқырмандары "Үшеуі де сүп-сүйкімді", "Қайта келмес бозбала кез", "Бауырлар красавчик", "Қайрош легенда, тіл-көзден аман болыңыздар", деп пікір жазып, әншінің інісін туған күнімен құттықтап жатыр.
Оқи отырыңыз: Әнші Ерке Есмаханды кім тепкілеп жүр