Алайда Қайрат Нұртас та, Жұлдыз Әбдікәрімова да бұл жағдайға байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы желіде қызу талқыланып жатыр. Кейбір желі оқырмандары жұлдызды жұптың ажырасып кеткендерін топшылауда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы жазды.
Қайрат пен Жұлдыздың оқырмандары соңғы уақытта олардың бірге уақыт өткізбейтінін, тіпті бір-бірлерін өшіріп тастағанын байқаған.
Сондай-ақ жұлдызды әулетте жаңа сәбидің өмірге келуін атап өткен кеште Жұлдыз Әбдікәрімова бой көрсетпеген.
Жұлдыз Қайрат Нұртасты ғана емес, енесі Гүлзира Айдарбекованы да өшіріп тастағаны белгілі болды.
Алайда Қайрат Нұртас та, Жұлдыз Әбдікәрімова да бұл ақпаратқа байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ.