Бурак отандық актерді түрік киносына түсуге шақырды
Жуырда танымал түрік актері Бурак Озчивит Алматыға келді. Республика сарайында өткен кешті Тәуекел Мүсілім жүргізіп, көрерменнің көңілінен шықпады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Желі қолданушылары актерді сынның астына алды:"Буракпен өткен кездесуді жүргізгеніңіз сұмдық болды”, “Тәуекелді тек түрі үшін ғана алудың қажеті жоқ, жүргізе алмайды”, “Қайта-қайта телефонға қарап, сұрақ іздеп, суретке түстіңіз бе? Сырттай өте ерсі көрінді”, “Қайдан киноға түсесің, шараны жүргізе алмай тұрсаң”, “Екі сөзді қоса алмай, сұрақты ежіктеп оқыдың ғой”, “Мемлекеттік тілде жүргізу қайда қалды”.
Кеш барысында Бурак отандық актерді түрік киносына түсуге шақырды.
- Бұл жай ғана сахнадағы ұсыныс болды. Көрерменнің алдында әдемі сұхбат барысындағы абырой үшін айтылған әңгіме ғой. Әлі бір анық нақты ұсыныс деп айта алмаймын. Алайда болашақта өзіміз түрік еліне барып, бағымызды сынаймыз, – деді Тәуекел Мүслім.
Киноларға шақырту алған кезде актердің қоятын талаптары бар.
- Бірақ түрік еліне баратын болсам ешқандай талап қоймаймын. Бастысы, сәтті әрі танымалдылығымды арттыратын жоба болуы қажет. Менің өнердегі басты принциптерім: әуелі танымалдылық пен абыройға адал жұмыс жасау керек. Ал райдер туралы кейін ойланып, қарастыруға болады. Бірінші атыма жұмыс жасасам, кейін менің атым өзіме жұмыс істейді, – дейді Тәуекел Мүсілім.
Тәуекел кинонарығындағы ең үлкен гонорары қанша екенін айтты.
- Ең үлкен гонорарым 15 мың доллар болды. Қайда жұмсағаным есімде жоқ. Себебі, оны жеті жыл бұрын алған едім, - деді актер.
Ал қазіргі гонорарын құпия ұстауға тырысқан сері қаржылық сұрақтарды директорына қоюға жол сілтеді. Бүгінде отандық киноларға актер таңдап, талдап барып түсетін де айтты.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы қазанда қазақстандықтар қанша күн демалады