"18 жастағы қыздан кем емес": Ерке Есмахан мен Raim той стилінде түскен фотоларын жариялады

 instagram.com/raimusican
instagram.com/raimusican
Әлеуметтік желіде оқырмандары түрлі пікір жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әнші Ерке Есмахан той көйлегімен түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Әлеміме сен келдің. Бізге тілеген тілектеріңізді Алла еселеп өздеріңізге қайтарсын", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында.

Raim да парақшасына осындай фотоның біреуін жүктеп, "ЖанҰя" деп жазған.

"Сөздің шыны екеуі әдемі болып тұр. Ерке үлкен қызға ұқсап тұрған жоқ", "Мықтысыздар қаншама елдің көзі, сөзіне қарсы тұрып, өз бақыттарыңыз үшін күресе білдіңіздер. Екі дүниенің бақытын нәсіп етсін", "Корея актерларыма деп қалдым, екеуі де тартымды", "40 жылдан кейін бұйыртса немере, шөберенің ортасында отырған ақ шашты ата, ақ жаулықты апа боп отырған фотоның куәсі болайық", "18 жастағы қыздан кем емес, күшті жарасып тұрсыздар. Ең бастысы Алланын бұйрығы", "Күшті жарасымды жұп, ешқандай жас ерекшелік байқалмайды, тек бақытты болыңыздар", - деп жазып жатыр оқырмандары.

Новости партнеров