Пәкістандағы лаңкестік: шабуылдан ондаған адам қаза тапты

 Global Look Press
Global Look Press
Ел билігі бұл әрекетті қатаң жазалайтынын жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Ауғанстан шекарасындағы лаңкестік шабуылда кем дегенде 11 адам қаза тапты. Бұл туралы сол елдің премьер-министрінің міндетін атқарушы Анваар-ул-Хак Какар әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Солтүстік Вазиристандағы 11 жазықсыз жұмысшының өмірін қиған шабуыл туралы есту ауыр болды. Мен бұл зорлық-зомбылыққа және зардап шеккен отбасыларға қайғыра көңіл айтамын», - деп жазды ол.

Бұған дейін, 30 шілдеде Пәкістанда «Джамиат Улема-и-Ислам» партиясының съезі кезінде жарылыс болған. Елдің ақпарат министрі Фироз Шах Джама 200-ден астам адамның жараланғанын хабарлаған еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс 63 адамның өмірін қиды. Қаза тапқандардың бірі жергілікті партия жетекшісі, жарылыс - ол сөз сөйлеп жатқанда болған.

Пәкістанның Сыртқы істер министрі Билавал Бхутто-Зардари жарылысты айыптап, қаза тапқандарға көңіл айтты. Ол федералды және Хайбер-Пахтунхва Үкіметі террористердің қолдаушысын жауапқа тартуы керек деп мәлімдеді.

Новости партнеров