Концерттік турне келер жылға шегерілді
Ерлі-зайыпты әншілердің АҚШ-тың бірнеше қаласында өтуі тиіс болған концерті құжаттарының дайын болмауына байланысты келер жылға шегерілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Айтпақшы, АҚШ-тағы концерттеріміз визамыздың дайын болмауына байланысты ақпан айына ауысты», - деп хабарлады әнші желідегі оқырмандарына.
Айта кетсек, қос әнші Американың Хьюстон, Чикаго, Лос-Анджелес және Нью-Йорк сынды қалаларында 4-8 қыркүйек аралығында концерт өткізуі тиіс болған. Енді аталмыш турне 2025 жылдың 5-9 ақпаны аралығында өткізілмек.
Оқи отырыңыз: Ашаршылықта бір ауылды асыраған: құмай тазының ерекшелігі қандай