Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында баяндады
Биыл тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан енесімен қандай қатынаста екенін айтты. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Желі қолданушысының бірі әншіден енесімен қандай қарым-қатынаста екенін сұраған. Ал әнші енесіне еркелейтінін атап өтті.
"Еркелеймін, еркелетемін. Анамнан үйренерім көп, алтын адам. Аллаға шүкір, текті жерге келін болып түстім", - деді Ерке Есмахан.
Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан өзін "кемпір" деп атайтын хейтерлеріне жауап қайтарған болатын.